Әлемде коронавирус індетінен 6 098 227 адам қайтыс болған

Worldometers-тің үнемі жаңартылып отыратын бақылау парағы 2022 жылғы 20 наурыздағы жағдай бойынша әлемде COVID-19 коронавирус ауруынан 6098227 адамның қайтыс болған (тәулігіне+3827). Ал 470 миллионнан астам адам вирус жұқтырған.

Screenshot_40.png

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды. Қазіргі уақытта 64 миллионға жуық адамнан вирус анықталды, 400 миллионнан астам аурудан сауықты. Өлім-жітімнің орташа көрсеткіші 1,3%. Германия федералды деңгейде коронавирусқа қарсы шектеулердің көпшілігін алып тастады.

 Алайда, аймақтық деңгейде шектеулер өз күшінде қалуы мүмкін. 20 наурыздан бастап Deutsche Bahn пойыздарында «3G ережесі» алынып тасталады, оған сәйкес тек вакцинацияланған, ауырған немесе коронавирусқа сынақ жасағаннан кейін теріс нәтиже анықталған адамдарға жүруге рұқсат етілді. 

«Сонымен қатар, жұмыс орнында «3G ережесін» сақтау қажет емес. Болашақта кәсіпорындар тәуекелдерді өз бетінше бағалап, қажет болған жағдайда пандемиядан қорғау шараларын қабылдауы керек»,-делінген хабарламада.