Атырауда облыстық ауруханада гемодиализ орталығы ашылды

Screenshot_6.png

Атыраудағы облыстық ауруханада гемодиализ орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, жаңа орталық «ББ Нура» компаниясы мен  облыстық аурухана арасындағы мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында жұмыс істей бастады. ашылып отыр.

 «Айына 80 емделушіні қабылдауға арналған орталықта бірқатар ем-дом жүргізіледі. Бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастар станционарлық жағдайда емделеді. Созылмалы бүйрек ауруының көрсеткішін төмендету мақсатында профилактикалық шаралар ұйымдастырылады. Қазір мұндағы урология және гемодиализ кафедрасында арнайы 11 гемодиализ аппараты мен детоксикацияның басқа түрлеріне арналған үш аппарат бар», -деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аурухана мамандарының айтуынша, гемодиализ процедурасының құны - шамамен 40 000 теңге. Міндетті медициналық сақтандыру аясында барлық қызмет тегін көрсетіледі.