Трихофития және микроспория. Диагностикасы. Емі.
Трихофития (лишай, қырма таз) - адамға аса қауіпті жұқпалы ауруы болып есептеледі. Ауру орналасқан жеріне байланысты, әртүрлі симптоммен көрінуімен ерекшеленеді. Олардың қоздырғыштарының келесі түрлері белгілі: Trichophyton verrucosum - ірі қара малдарды, Trichophyton mentagrophytes, Trichophyton equinum -жануарлардың басқа түрлерін, Trichophyton gallinae - құстар мен сүт қоректілерді ауруға шалдықтырады. Сүт қоректілер трихофитиясы қоздырғыштарының морфологиялық және өсінділік қасиеттері. Саңырауқұлақ малдардың жүнінің сыртқы және ішкі жағын жарақаттап көбейеді. Аурудың негізгі жұғу көзі- ауру адам және ауруға ұшыраған ауылшаруашылық малдары (ірі қара малдары, түйе, жылқы, ұсақ мал), және үй жануарлары(ит пен мысық). Трихофитон туындысы саңырауқұлақпен шақырылып, адамның терісін, бастың шашты бөлігін және тырнақ пластинкасын зақымдайды.
Ауру антропофильді, яғни ауру адаммен тікелей қатынаста болу немесе киім, тұрмыстық заттар (бас киім, жүнді жаға, тарақтар, төсек жабындысы, ойыншықтар) арқылы жұғады. Зоофильді, жануардың өнімдері (қабыршақ, шаш, жүн және шөпте, топырақта, астауындағы қалған қалдық) заттары арқылы жұғады. Бұдан басқа шаштаразда - шаш қысқартқанда, сақал қырғанда, тырнаққа маникюр жасағанда да жұғуы ықтимал. Дерматомикозға шалдығудың негізгі факторы, ең алдымен, иммунды жүйенің төмен болуы, денедегі микрозақымданудың болуы.
Негізгі клиникалық белгілері: алғашында тек бастың шашты бөлігінде, бір, кейіннен көптеген диаметрі 1–2 см-дей айқын емес, шекарасы анықталмаған, оқшауланған, бір-бірімен қосылмаған ошақтармен көрінеді. Ошақ аймағындағы тері аздап ісінген, қызғылт түсті, беті ақшыл-сұр түсті қабыршақпен қоршалған, сонымен қоса көпіршік, іріңді бөртпе және шеткерлі қабыршықтануымен көрінуі мүмкін. Шаш тері беткейінен немесе түбінен 2–3 мм деңгейінде сынады, да орнында қара нүктелер пайда болады. Сонымен қатар кәдімгі қайызғақ сияқты, себорея дерматит кезіндегідей, теріде айқын қабыршақтануы болады. Жазық терінің өздігімен оқшаулануы немесе қосымша бастың шаш бөлігімен бірге зақымдануы мүмкін. Ошақ терінің ашық аймақтарында, яғни бет, мойын, дене, білек бөлігінде орналасады. Бір немесе бірнеше ісінген, аздап тері бетінен көтерілген, ашық-қызыл түсті, дұрыс шеңберлі, шекарасы анық дақтардың бетінде құрғақтанған қабыршақ және ұсақ көпіршіктер пайда болады. Ошақтың жазылуы орталықтан басталып, сақина түрді құрайды. Тереңдік трихофития (инфильтративті - іріңді түрі) көбінесе қосымша микроорганизмнің пайда болуына байланысты іріңдіктердің пайда болуымен көрінеді. Жұғу көзі - малшы, тышқан, зертханалық егеуқұйрық, сиыр, бұзау, жылқы және қой болып табылады. Клиникалық симптомы - қабыну көрінісі айқын көрініп, іріңдеуге дейін барады. Денедегі жазық теріні, бастың шашты бөлігін және сақал-мұртты зақымдайды, олар айқын шектелген жартылай шарды немесе көкшіл–қызыл түсті тығыздалған түйіндермен, бұдырлы беткейлі іріңдікпен қапталған ойықтанумен, қабыршақтанумен, шаш түсуімен сипатталады. Шаш фолликуласы сағасының түбі іріңмен толып, кеңейіп, басқанда ірің сорғалап, не тамшылап бөлінеді («бал арасының торлы ұясы» симптомы). Соңғы кезде денедегі қасағалық аймағының терісінің және оның қосалқыларының зақымдануы жиі кездеседі. Алдын алу шаралары:
1) Теріні таза ұстау.
2) Моншаға шомылу кезінде, жеке бас гигиенасын сақтау, жеке тұтыну заттарын ұстау, әсіресе балалар бір бірінің бас киімін ауыстырмау керек. 3 Моншада, бассеинде арнайы резеңке аяқ киім киу
3) Жан-жануарлермен контакттіде болғаннан соң қолды мұқият сабындап жуу.
4) Сау адамдарды, аурудан (баланы балабақшаға, не мектепке баруды тоқтату) оқшаулау.
5) Дененің басқа бөлімдерінің зақымданбауы үшін, ошақты сулауға, ванна не душ қабылдауға болмайды.
6) Өздігімен ошақты (түрлі маймен, кремдермен немесе басқа да заттарды жағуға) емдеуге болмайды, себебі микроскопиялық талдауда (саңырауқұлақшаға қырнау) дұрыс қорытынды бермейді. Егер өздігімен емделген жағдайда, майды немесе кремді сабынмен жуып, не спиртпен сүртіп, алдыңғы 3–4 күн ішінде ошақты суламай, ештеңе жақпай, бірден дерматолог-дәрігеріне, мүмкіндігінше аурумен қарым- қатынаста болған адамдарды қарауға алып келу керек. Міндетті түрде дәрігер дерматолог кеңесін алып, емді уақытында бастау.
Микроспория (көне грекше: μικρός — кішкентай және көне грекше: σπόρος — дән)— тері мен шаштың ең кең таралған, саңырауқұлақтық және өте жұқпалы ауруларының бірі.
Пайда болу себептері
Дерттің пайда болуына терінің микротравмалары қолайлы жағдай туғызады. Олар арқылы саңырауқұлақтың тасымалдаушысымен (үй жануарларымен, науқас адамдармен) қарым-қатынас жасау кезінде саңырауқұлақ теріге енеді. Саңырауқұлақтың түріне байланысты, дертті жұқтырғаннан бастап, аурудың алғашқы көрінісінен бастап 5 күннен 2 айға дейін уақыт өтеді. Алғашқы кезде теріде ұсақ түйіндерден, көпіршіктерден және қабыршықтардан құралған валик түріндегі дөңгеленген айқын шеттері бар, қабыну дақтары пайда болады. Ошақтар бір-бірінің ішіне орналасқан бірнеше сақина сияқты болуы мүмкін. Бастың шаш аймағындағы ошақтардың көлемі үлкен, ошақтағы шаштар 6-8 мм деңгейінде сынып, ақшыл-сұр қабықпен жабылған. Мұндай кезде қас пен кірпіктердің түсуі де жиі байқалады.
Емі мен алдын алу жолдары
Терінің зақымданған ошақтарын йод тұнбасымен сүртіп, одан кейін күкірт- қарамай, салицил майларын жағады. Бастағы шашты қырып тастау қажет. Шашты алып тастағаннан кейін, таңертең йодтың 5 % ерітіндісін, кешке - 5% салицил майын жағады. Басты күнделікті жылы сабынды сумен жуып тұру керек. Жұқпалы ауру болғандықтан, оны міндетті түрде стационарда емдеу керек. Науқас пайдаланған жеке заттарын өзге адамға ұстауға және пайдалануға тиым салынады
Танабаева Аида Жумабеккызы,
Облыстык терi-венерология диспансер дәрігері