Вакцинамен басқарылатын жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егу жұмыстары жүргізілді
2024 жылы жалпы Әл-Фараби ауданы бойынша АКДС-3 (гексаксим), АКДС-4 (пентаксим), Пневмо-3, ККП-1, АбКДС, ККП-2, АДСМ 16 жас, АДСМ ересектермен вакцинациялау бойынша қажетті қамтуларға (талап етілетін қамту кемінде 95%) қол жеткізілді.
2024 жылы көкжөтелге, дифтерияға және сіреспеге (АКДС-4) қарсы вакцинацияланды – 5790 бала, оның ішінде 18 айлық 5440 бала, вакцинациямен қамту қажетті деңгейге жетіп 96,4%-құрады. Сондай-ақ, аталған кезеңде пневмококк инфекциясына (Пневмо – 3) қарсы 5643 бала егілді, оның ішінде 1 жастағы балалар-5436. 1 жастағы балалардың пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялауды қамту (Пневмо-3) қажетті деңгейге жетіп 96,3% - құрады. Аудан бойынша OПВ-4 полиомиелитке қарсы вакцинацияны (ауызша полиомиелитке қарсы екпе) қамту қажетті деңгейге жетті және 97% -құрады (12-15 айлық 5469 бала). Есепті кезеңде қала бойынша қызылшаға, қызамыққа, эпидемиялық паротитке (ККП-1) – 5632 бала, оның ішінде 1 жастағы балаларға – 5433 бала егілді. Вакцинациямен қамту-96,3% құрады. Қызылшаға, қызамыққа және эпидпаротитке (ККП-2) қарсы ревакцинацияланған – 5635 бала, оның ішінде 6 жаста – 5386. Ревакцинациямен қамту жалпы қала бойынша талап етілетін деңгейге жетті және 96,5% -құрады. Есепті кезеңде қала бойынша көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге (АбКДС) қарсы 5572 адам, оның ішінде 6 жастағы балаларға – 5302 ревакцинация жасалды. Ревакцинациямен қамту-95% құрады. Қала бойынша 16 жастағы АДС-М жасөспірімдерді қамту талап етілетін деңгейге жетті және 95,2% -құрады (барлығы 7553 адам егілді, аталған жаста-7410). Ересек тұрғындарды дифтерияға, сіреспеге (АДС-М) қарсы вакцинациялаумен қамту әр 10 жыл сайын қала бойынша қажетті деңгейге жетті және 100% құрады.
А.Алтаева
Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының
бас маманы
Бөлісу тақырыбы: Вакцинамен басқарылатын жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егу жұмыстары жүргізілді