Түркістан облысында 89 жастағы науқасқа жасалған күрделі ота сәтті аяқталды

image.png

Түркістан облысы Ордабасы аудандық орталық ауруханасында алғаш рет жамбас буынын эндопротездеу отасы 89 жасар науқасқа сәтті жүргізілді. 

Науқас Т. (1936 ж. т.) 31 қаңтар күні тұрмыстық жарақат алып жедел жәрдем бригадасымен қабылдау бөліміне келіп түсті. 

 Зерттеп-қараудан кейін жоспарлы түрде 2025 жылдың 1 ақпанында сол жақ жамбас буынына цементсіз биполярлы имплантпен эндопротез отасы жасалды.  

Аурухана дәрігерлерінің жаңа емдеу әдістерін игеруі мен кәсібилігінің арқасында мүгедектік қаупі төнген пациент буындардағы ауырсынуды ұмытып, белсенді өмірге қайта оралады.

Отадан кейін науқастың  жағдайы жақсы, ота сәтті өтті. Науқас дәрігерлерге алғысын білдіруде. Бұл жоғары технологиялық операция емделушіге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  шеңберінде жүргізілді.

Бұрын аталмыш ота түрлері басқа мекемелерде жүргізілген, енді травматологиялық көмектің барлық әдісін Ордабасы аудандық орталық ауруханасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде тегін алуға болады.

Ордабасы аудандық орталық ауруханасында 2024 жылда заманауи ангиографиялық аппараттың көмегімен мұнда бірқатар кардиохирургиялық және нейрохирургиялық, травматологиялық ота жасылынды.