Шымкентте үшем дүниеге келді
Шымкенттік 22 жастағы ана Ахилбек Жамиля үшемді - 2 ұл және 1 қызды дүниеге әкелді. Нәрестелердің салмағы 2770, 2410 және 2095 грамм болды. Батыр анаға дәрігерлер кесарь тілігі арқылы ота жасап, босандырып алған. Қазіргі таңда мерзімінен бұрын туған сәбилердің жағдайы бірқалыпты. Шымкенттік батыр ананың бұл тұңғыш сәбилері. Үшемдерге туыстары Әбілқайыр, Айлана және Альтаир есімдерін қойған. Батыр ана үшем босанатынын алғаш естіген кезде қобалжығанын айтады.
Оның айтуынша: "Күтпеген жерден дәрігерге қаралып, үшемді болатынынымды естігенде басқаша сезімде болдым," дейді батыр ана.
Мерзімінен бұрын дүние есігін ашқан нәрестелерге жансақтау бөлімінің мамандары тарапынан ерекше күтім жасалған.
Кейінгі: Көптеген