Жаңа антиретровирустық препараттар – жоғары өмір сапасы
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бағалауы бойынша АИТВ-инфекциясы адамзат өміріне қауіп төндіретін, күрделі жұқпалы аурулардың үштігіне (безгек, туберкулез) кіреді. Әлемде адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырған 40 миллионнан астам адам өмір сүруде. Бүгінде АИТВ – баяу инфекциялар тобына жатқызылған. Қазіргі таңда АИТВ-ға қарсы вакцина жоқ болғанымен, жылына тек 2 инъекция түрінде (6 ай сайын), әсері ұзартылған препараттар, клиникалық сынақтан өткізіліп, қолдануға рұқсат берілді. Бірақ ем өмір бойы, үздіксіз жүргізілуі тиіс.
2004 жылдан бастап, Шымкент қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы, науқастарды АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға антиретровирустық препараттарды (АРВ) қолдана бастады. Алғашқы кезде қолданылатын препараттардың қарсы көрсетілімдері мен жанама әсерлері (липодистрофия, анемия) болатын. Емдеу 3 түрлі монопрепаратпен, таңертең және кешке, күніне 8 таблеткаға дейін қабылданатын препараттармен жүргізілетін. Медициналық ғылыми зерттеулердің және дәрілік заттар өндірісінің жетістіктері нәтижесінде, соңғы 20 жылда антиретровирустық препараттар қолданысында айтарлықтай өзгерістер орын алды. Дәрілік заттар біріктіріліп, формуласы жетілдірілді, уыттылығы мен жанама әсерлері төмендетілді, әсер ету мерзімі ұзартылды. 2017 жылдан бастап, күніне 1 таблетка, 1 рет қолданылатын ем ұсыныла бастады. Пациенттердің келісімі, денсаулық көрсеткіштері, зертханалық тексерулер нәтижесі ескеріліп, жоспарлы түрде, кезең-кезеңімен емнің жаңа схемаларына ауысу жүргізілуде.
2025 жылы Қазақстанда жаңа технологиямен дайындалған, тиімділігі жоғары, уыттылығы төмен, ұзақ уақыт қолданғанда да жанама әсері төмен «Рилпивирин, Тенофовира алафенамид, Эмтрицитабин» препараты енгізілді.
2025 жылдың 1 тоқсанында Шымкент қалалық ЖИТС-орталығының мамандарымен жаңа препарат туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп, сәуір айынан бастап, пациенттерді емдеуде қолданыла бастады.
– Егер бұрын АРТ енгізілген кезде біздің науқастар күніне 2 рет бірнеше таблеткадан қабылдаса, қазір күніне 1 рет 1 таблеткадан қабылдайды. Барлығы пациенттің өмір сүру сапасын жақсарту және АРТ қабылдауға ыңғайлы болу үшін жасалуда, – деді ЖИТС орталығы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Қ.Маширов.