Төлеби ауданында "Алтын күз" мерекесі жоғары деңгейде өтті

Screenshot_20.jpg

“Ауыл” партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмуратов Төрегелді Оразалыұлы Төлеби ауданында өткен “Алтын күз” мерекесіне арнайы қатысып, тұрғындарға ізгі тілегін жолдады.

Берекесі мен ырысы мол “Алтын күз” – еңбекті дәріптейтін, елдің бірлігін бекемдейтін мереке. Осы орайда Төрегелді Оразалыұлы аудан халқының еңбегін ерекше атап өтіп, ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы бастамалар жөнінде жылы лебізін білдірді.

Жер емген еңбеккерлерге мол өнім, әр отбасыға амандық, ырыс пен құт тілейміз!