Қазығұрт: Ауданда 100 провизорлық орын бар
Қазығұрт ауданындық ауруханасына пандемия басталғалы 520 науқас түсіп, 430-ы жазылып шықса, қазір 84 адам ем алуда. Ауданда науқастарды үйлеріне барып емдеу үшін 21 мобильті топ құрылған.
Қазығұрт аудандық ауруханасы 300-ге жуық науқасқа шақталған. Оның ішінде 100-і провизорлық орын. Ауруханада 7 өкпені жасанды желдеткіш аппараты мен 7 оттегі концентраты бар. Сондай-ақ, жедел пульсометр, термометрлермен қамтылған. Ауруханада қазіргі таңда індетке қажетті барлық дәрі қоры жеткілікті.
Айта кетерлігі, қазығұрттық кәсіпкер Ерлан Досанбаев аудандық орталық ауруханаға 5 дана оттегі концентратын тарту еткен. Сондай-ақ, Біріккен Араб Әмірлігі мен Қытай елінен гуманитарлық көмек ретінде келген медициналық қорғаныс құралдары мен дәрі-дәрмектер аудандық орталық ауруханаға жеткізілген. Бұл препараттар емделушілерге дәрігердің нұсқауымен тегін тағайындалады. Барлығы арнайы мониторингтің топтың жіті қадағалауында.
Бұдан бөлек, аудандағы «Ашыбұлақ» жалпы орта мектебіне қосымша ғимарат құрылысы жүріп, ескі ғимаратқа жаңғырту жұмыстары басталған. Мердігер: MD Construction Ltd" ЖШС-і. Құрылыс жұмыстары былтыр басталған мектеп биыл жаңа оқу жылына пайдалануға беріледі. Онда қазіргі таңда 36 адам жұмыспен қамтылған. Аудан көлемінде жалпы 4 мектептің құрлысы биылғы оқу жылына тапсыратын болады.
Қазығұрт ауданының тумасы «SERPER» тігін фабрикасының басшысы Данияр Кубеев ұйытқы болып, аудан тұрғындарына 10 000-ға жуық бетперде тарту етті. Бүгін Қазығұрт ауданы орталығында тұрғындарға 2000-ға жуық бетперде таратылды. Бұл бастама алдағы уақытта, Қазығұрт ауданындағы барлық ауыл округтерде жалғасын табады. Осы игілікті іске Қазығұрт аудандық Нұр Отан партиясы, Жастар Ресурстық Орталығының мамандары және еріктілер қолдау көрсетіп, бетперделерді тұрғындарға таратуда.