Қазығұрт: Әлеуметтік нысандарда құрылыс жұмыстары жүргізілуде
Қазығұрт ауданында бірқатар әлеуметтік нысандарда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтар болсақ, «Ащыбұлақ» жалпы орта мектебіне қосымша ғимарат құрылысы жүргізіліп, ескі ғимаратты жаңғырту жұмыстары басталған.
Мердігер компания « MD Construction » ЖШС 300-ге жуық оқушыға арналған білім ордасын кеңейту жұмысымен танысу барысында. Құрылыс тамыз айында аяқталмақ. Аудан 4 мектеп құрылысы көлемінде биылғы оқу жылында тапсырылады.
«MD Construction» ЖШС директоры Мадияр Дауырбаев: «Құрылыс-монтаж жұмыстары 2019 жылдың маусым айында басталды. Бұл жерде оқу корпусы, спорт зал, асхана бар. Оқу ғимараты 150 балаға арналған. Қазіргі таңда құрылыс 90 % аяқталды. Құрылыс тамыз айының онына дейін бітеді деп жоспарлануда»,-деді.
Қазығұртт аудандық білім бөлімінің басшысы Асан Үйсімбаевтың айтуынша, мектеп 270 балаға арнап салынған. Халық санының көбеюіне байланысты 2015 жылдан бастап мектеп 3 ауысымда жұмыс істеу қаупі туындай бастайды. Соның алдын алу мақсатында 150 орындық қосымша құрылыс жүргізілді. Жаңа оқу жылында ғимарат қолданысқа дайын. Екі ғимараттың сыртқы пішінін бірдей ету мақсатында ескі нысанға жөндеу жұмысын жүргізу үшін 17 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда мектептің бір ауысымда 420 баланы қабылдауға мүмкіншілігі бар.