Ордабасы: Мал шаруашылығы қарқынды
Ордабасыда бүгінде мал шаруашылығымен айналысам деушілердің қатары көбейді. Әрине, бір жағынан ата кәсіп десек, екінші бір жағынан мал шаруашылығымен айналысу үшін бұл өңір аса тиіімді аймақтардың бірі болып есептелінеді. Қазіргі таңда аудандағы шаруалар малды өсіріп қана қоймай, ел аумағына мал басын экспорттап жатқан да жайы бар.
Сондай шаруалардың бірі «Сабыр» шаруа қожалығы. Мұнда асыл тұқымды қой, сиыр, жылқы ұстайды. Қожалықтың құрылғанына 15 жыл болыпты. Содан бері қора төрт түлікке толған. Бүгінде шаруашылықта 30 қызметкер жұмыс жасайды. Барлығы жергілікті тұрғын. Шарулар мал етін бордақылап, ресейге экспорттайды. Қожалықта 420 бас сиыр мен 400 ден астам қой бар. Істің көзін тапқан қожалық иелері тек жалқауланбай еңбек ету керек дейді. Болашақ жоспарлары да ауқымды.
Жалпы Ордабасы ауданы өзінің төрт түлігімен танымалы. Етті Ордабасы қойы бүгінде әлемге танылды. Ал, сиырлары түгелдей құлтемірмен сауылатын Бөртенің өнімдері ұлттық бренд деуге болады. Шаруалардың өрісті төрт түлікпен толтыруына мемлекеттік бағдарламалар да көп қолдау болып отыр,дейді жергілікті әкімдік өкілі.
Атам қазақ «Мал баққандікі» деп бекер айтпаса керек. Шаруаның басын төрт-бес ірі қарадан бастаған қожалықта бүгінде отар қой мен үйір жылқысы сиыры бар. Қожалық төрағасы үкіметтің қолдауының арқасында мал санын арттырдым. Енді соның пайдасын елім көрсе дейді.