Ордабасы: Тұрмысы төмен отбасылар назардан тыс емес

image.png

Ордабасыда тұрмысы төмен отбасылар қашан да жергілікті билік назарында. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында ашықтықты, әділеттікті және еңбекке ынталандыруды қамтамасыз ете отырып, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігін түзетуді тапсырған болатын. Осыған байланысты мұндай отбасылар қоғам назарынан тыс қалмай, үнемиі қолдау көріп отыруы тиіс.

Елде жарияланған карантин кезінде қамқорлыққа зәру отбасыларға көмек ұйымдастыру жөніндегі тапсырмасының орындалуын аудан әкімі Н. Тұрашбековтің жіті қадағалауында.

- Қызметіміздің басты мәні - елге жағдай жасау. Сондықтан, қазіргідей заманда ең алдымен мүмкіндігі шектеулі азаматтарымыз бен көп балалы отбасыларымыздың басты қажеттіліктерін қамтамасыз етуіміз шарт, - деген-ді Нұрбол Әбдісаттарұлы өз сөзінде.

 Бұл жолы аудан басшысының бастамасын Шұбар ауыл округі "Нұр Отан" бастауыш партия ұйымының төрағасы, "Ақ Орда" ЖШС директоры Б. Бекбосынов қолдады. Ол әлеуметтік қолдауға мұқтаж 50 отбасыға картоп таратты.

"Нұр Отан" партиясы Ордабасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А. Бердімұратов тұрғындарды партия тарапынан әлеуметтік қолдау жалғасын табатынын айтып, шұбарлық әріптесіне алғысын жеткізді.