Сарыағаш «Адалдық алаңында»

image.png

Сыбайлас жемқорлықпен күресті мақсат еткен әрбір азамат «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің аясында өзінің ойларымен бөлісіп, белсенділік танытуына мүмкіндік бар. Жобалық кеңсенің мақсаты – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, қоғам өкілдерінің билік институттарына сенімін арттыру болып табылады.

Бүгінде облыс аумағында «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері құрылып, қала/аудандардағы Жастар ресурстық орталықтарының басшылары жобалық кеңсенің жетекшісі болып тағайындалды. Сол мезеттен бастап Сарыағаш ауданында да «Сарыағаш-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өз жұмысына білек сыбана кірісті.

Ауданындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, сыбайлас жемқорлыққа деген жалпы төзбеушілікті қалыптастыру, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру - жобалық кеңсенің басты мақсаты. Ал, жобаның негізгі міндеттері - тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін одан әрі дамыту мен жемқорлық мәселесін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру арқылы шешу, тұрмыстық жемқорлықты жою, азаматтар және бизнес үшін кедергісіз және қолайлы жағдайлар жасау, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы, ауқымды қоғамдық бақылау жүргізу. 

Жоба аясында мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің еңбекақысын қайта қарау, мекеме басшыларының жеке жауапкершілігін арттыру, қызметтердің барлық бағыттары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды арттыру және тағы басқа мәселелер қамтылған. «Сарыағаш – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі біршама жұмыстардың басы қасында болып, бақылау жұмыстарын қарқынды түрде жүргізіп келеді. 

Нақты тоқталсақ, 2020 жылдың 17 шілдесінен бастап Сарыағаш ауданы әкімдігі, АМТ мүшелері, «Сарыағаш-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, «Nur Otan» партиясының Сарыағаш аудандық филиалы, аудандық прокуратура, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті және құқық қорғау органдарының жанынан құралған жұмысшы топтармен дәрі-дәрмектердің бағасын нарықтық шектеу бағасынан асыра сату мәніне қатысты дәріханаларда зерделеу жұмыстары жүргізіліп, мониторинг жасалуда. Бүгінгі кеңсе жанындағы маңызды жобалардың бiрi - дәріханалардағы дәрі бағаларының тұрақтылығын қадағалау.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Сарыағаш «Адалдық алаңында»