Сайрам: Кезектен тыс конференция өтті
Сайрамда экономикалық-әлеуметтік жағдайды тұрақтандыру бойынша шаралар қарқынды жүргізіледі. Ауданда бүгін «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының Кезектен тыс XLII конференциясы онлайн түрде өткізілді.
Конференцияның күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалының атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы уақытта атқаратын жұмыстары туралы , «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХIХ конференциясына делегаттар сайлау мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, "Nur Otan" партиясы Сайрам аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмас Әбдрахманұлы праймеризге дайындық барысын пысықтады.
Конференцияаға партияның 12 бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегеттар онлайн арқылы қатысып, ой бөлісті.
Конференция барысында Алмас Әбдрахманұлы бұл праймериз партияны қайта жаңғырту бағытындағы маңызды қадам екенін айта келе бастамаға жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Конференция соңында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХIХ конференциясыа делегаттар сайланды.