Сайрам: Карантин талаптары жіті бақылауда
Елде төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, індет толығымен жойылған жоқ, сондықтан карантин талаптарын әлі де қатаң сақтау қажет. Қауіпті індеттің кеңінен таралып кетпеуі, алдын алу - тұрғындардың оқшаулану шараларын қатаң сақтауының және қызметіне рұқсат берілген мекемелердің санитарлық талаптарды бұлжытпай орындауының нәтижесінде ғана індеттен арылу мүмкін болмақ.
Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылдық округінде карантин режимінің талаптарын түсіндіру, халықтың қауіпсіздігі мен саулығын қамтамасыз ету мақсатында ауқымды рейдтік шара ұйымдастырылды.
Сайрам аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Әбдібек Үсіпбеков, Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі Мамыржан Шадиев, Сайрам аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бақылау басқармасының бас маманы Дархан Досалы, БАҚ өкілдері, еріктілер мен белсенді азаматтар карантин кезеңінде атқарылып жатқан жұмыстарға қанықты.
Қаулыға сәйкес кәсіпкерлік нысандары мен азық-түлік дүкендерінің санитарлық нормаларды сақтау талаптарын түсіндіріп жеткізді. Ауылдық округ әкімі М. Шадиев мырза ауыл орталығын абаттандыру жұмыстарында ауыл тұрғындарының ауызбіршілігі мен ынтымағын ерекше атап өтті. Қорытындылай келе, арнайы құрылған мобильдік топ мүшелері елді мекенде карантин талаптарын сақтау бағытындағы шараларға жоғары бағасын берді.