Сайрамда тропикалық өсімдіктер отандық брендке айналуды көздейді

image.png

Бұған дейін облыс аумағында өсірілмеген, шетелден әкелінетін өсімдіктер мен көкөністер енді отандық брендке айналмақ. Мәселен Сайрам ауданына қарасты Қарасу ауылының шаруалары мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржылай көмек алып, кәсібін өрбітіп отыр. 

Қарасу ауылдық округі өзінің өнімдерімен танымал. Бұл өңірде 24 кәсіпорын жұмыс істеп, облыстың сауда айналымдарында сұранысқа ие. Ауыл шаруашылық саласын жетік меңгерген мамандар тропикалық жемістер мен көкөністерді егіп, табысын көруде. ауылдық округ бойынша 11093 гектар аумақты жылыжайлар алып жатыр.

Бүгінде ауылдық округте Жол картасы бағдарламасы аясында карантин режиміне қарамастан шағын және орта кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. Соның бірі Ынтымақ ауылындағы қозықұйрық өсіретін кәсіпорын. Бұдан бөлек ауыл азаматтары лимон өсіретін, жылыжайлар құрылысын салды. Сондай-ақ шаруалар жалпы құны 100 млн. теңгені құрайтын, қызанақ, қияр өсетін жылыжайлар бой көтерді.

Жалпы жергілікті әкімдік тарапынан кәсіпкерлерге әрдайым көмек қарастырылып отырады. Су, жер телімдері, т.б. мәселелер бойынша кәсіпкерлер кез келген уақытта аудан әкімшілігімен ақылдасуға, көмек сұрауға болады.