Сарыағашқа шетелден гуманитарлық көмек жетті
Сарыағаш ауданына Біріккен араб әмірлігінен гуманитарлық көмек келіп жетті. Арнайы бақылау тобы гуманитарлық көмек түрінде келген жүкті қабылдап алу, жүкті түсіру, санау жұмыстарына тікелей қатысты. Енді оның медициналық ұйымдарға бөлінуін бақылайтын болады.
Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына жеткізілген қайырылымдылық жүгін арнайы мониторинг тобы мен «Сарыағаш-адалдық алаңының» өкілдері қарсы алып, қабылдап алды. БАӘ тарапынан індетті тоқтату мақсатында жіберген көмекті діттеген жеріне жетуін қамтамасыз етті.
Індет тараған кезден бастап Түркістан облысына ҚХР, Ресей, БАӘ, Жапония, Түркия, Оңтүстік Корея, Катар, Өзбекстан, Грузия және көптеген басқа да елдерден, ДСҰ сияқты халықаралық ұйымнан қайырымдылық көмек келген. Коронавирус пандемиясымен күресте қажетті қор жеткілікті.
Түркістан облысының барлық 35 медициналық мекемелері әлемнің түкпір-түкпірінен келген қайырымдылық көмек таратылуда. Жүктің ішінде қажетті дәрі-дәрмек, медицина қызметкерлеріне арналған қорғаныш заттары, медициналық бетперде, қолғап, антисептикалық құралдар бар. Көмек COVID-19 вирусына қарсы алдыңғы шепте күресуші қызметкерлер мен емделушілерге беріледі.
Еске сала кетелік, Түркістан облысында карантин күшейтілген еді.