Сарыағаш: Тұрғындарды тұрғын үймен қамту өзекті
Халықты тұрғын үймен қамту – ел дамуындағы серпінді серпіліс.Қазақстан – жаңа тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асырып жатқан санаулы мемлекеттердің бірі. Елімізде жыл сайын 6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуде. Дегенмен үйге деген сұраныс жыл сайын артып келе жатыр. Осы бағытта Сарыағаш ауданы да бірқатар жоспарлар құрып, оны жүзеге асыру үстінде.
Ауданда тұрғын үйге мұқтаж 74 отбасы анықталған (24 адам коммуналдық үйге кезекте тұр, 45 кезекке тұратындар, 5 демеушілер тарапынан үй салыну қажет).37 отбасының үйін жөндеуді қажет етеді. (О.і., шатырын жөндеу 7, есік-терезе қою 16, еден жөндеу, күрделі жөндеуден өткізу 5 үй).
2020 жылғы 1-тамыздағы жағдай бойынша 134 отбасыға 5661,5 мың теңге көлемінде демеушілер тарапынан көмек көрсетілді. Атап айтқанда, 450,0 мың теңге көлемінде материалдық қаржылай көмек, 4080,0 мың теңге көлеміндеазық-түлік, 300,0 мың теңгеге аяқ-киім, 457,5 мың теңгеге қатты отын және басқадай 374,0 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Ауданның қала, кент ауылдық округтері кесіндісінде жалпы 1920 отбасыға 35597,2 мың теңге мөлшерінде демеушілік көмек көрсетілген (барлық топтағы мүмкіндігі шектеулі мүгедек азаматтың 267 отбасына 5286,5 мың теңге мөлшерінде, 680 көп балалы отбасыларына 10602,1 мың теңге мөлшерінде, 130 жалғыз басты қарттарға 1675,2 мың теңге мөлшерінде азық-түлік және киім-кешек түрінде).
Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне 42500 теңге жәрдемақы алу үшін Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесіне электронды үкімет порталы арқылы жалпы 3190 өтініш түсіп, оның 1210 штаб қорытындысымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы Түркістан облысы бойынша филиалына төлем жүргізу үшін жолданды. Ал, түскен өтініштердің қалған – 1630 кері қайтарылды. Қазіргі таңда түскен 350 өтініш төлем жүргізу үшін қаралуда.
Ағымдағы жылдың шілде айында Сарыағаш ауданындағы екі санат бойынша (аз қамтамасыз етілген көп балалы және мүгедек баланы асыраушы) барлығы 1969 отбасыға «Nur Otan» партиясы тарапынан 50 000 теңге көлемінде бір жолғы көмек берілді.