Шардарада «Қамқорлық» бағдарламасымен 12 отбасы баспаналы болды

image.png

Түркістан облысында қолға алынған «Қамқорлық» бағдарламасы көмекке аса мұқтаж жандарға демеу болды. Биыл ауданда 12 отбасы аталған бағдарламаның аясында баспанаға қол жеткізді.

Соның бірі- тума мүгедектіктің зардабын тартып келе жатқан Данияр Нысанбаев. Өткен айдың ішінде аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен, "Шардара" мектеп-лицейінің 20 жылдық түлектерінің демеушілігімен, I-топ мүгедегі 3 баланың әкесі Нысанбаев Даниярға қала орталығынан баспана тарту етілген болатын. 

Бүгін, мұқтаж отбасының үйіне құтты болсын айтып барған, аудан әкімінің орынбасары Б. Шомпиев, қала әкімі Е.Бекет, аудандық орталық мешітінің бас имамы А.Қасым және аудандық мүгедектер қоғамының басшысы Қ.Ерназаровтар барып, тоңазтқыш пен кілем сыйлап, қам көңіл жандардың қуанышын бөлісіп, тағы да басқа қажеттіліктеріне көмектесетіндіктерін айтып өтті.

Естеріңізде болса, жаңа бағдарлама облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылған болатын. «Қамқорлық» аймақтық бағдарламасы арқылы мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы мен көмектен бөлек жүзеге асады. Тұрмыс тауқыметін тартқан мұндай отбасыларға жан-жақты қамқорлық көрсету арқылы, кедейлік шеңберінен шығуға мүмкіндік береді.

Олармен аудан, ауыл әкімдері тікелей жұмыс жүзгізетін болады. Сонымен қатар, тұрмыста таршылық көріп жүрген жандарға жергілікті қазынадан ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшеріндегі қаражат бөлініп, ол отбасының еңбекке қауқары бар мүшелері жұмысқа тартылады. Мұндай отбасыларды анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, оның құрамына ауыл ақсақалдары мен жергілікті белсенділер де енгізілмек. Аталған шараға демеушілер де атсалысады деп күтілуде.