Созақ: Халыққа пайдасын тигізіп отыр
Созақ ауданында бүгінде шағын және орта кәсіп қанат жайып келеді. Ауданда кәсіпкерліпен айналысушылардың қатары көбейді. Бұл өз кезегінде аудандағы жұмыссыздықты жойып, аудан экономикасын ілгерілетуге септігін тигізері анық. Ауданда тек ауыл шаруашылығы емес, тұрғындардың қажетіне жарайтын кәсіптің түр-түрі қолға алынған.
Мәселе, аймақтық «Жыл тұлғасы» байқауынан озып шығып, облысқа жолдама алған Базарбай Нұрланұлы құрылыс заттарын сатумен айналысады.
Рас, бүгінде құрылыс салмайтын тұрғын жоқ. Бірақ оған қажетті заттың бәрі алыс қалаларда. Міне, елден шыққан іскер азаматтардың бірі Базарбай Нұрланұлы жерлестерінің осындай тығырықтан шығуы үшін аудан орталығынан құрылыс заттарын сататын дүкен ашқан.
Осындай шаруалардың арқасында жергілікті жұрт қажеттерін жақын жерден алатын мүмкіндікке ие болды. Ал, сонымен қатар ауылдың көптеген тұрғындарына жаңа жұмыс ашылған.Жасыратыны жоқ, кейбір кәсіпкелер тек табыс табуды ғана ойлап, қарапайым халықтың мұң – мүддесіне кейде атүсті қарайтыны бар. Ал мұндағы мекенде кез келген келушіге үлкен құрметпен сапалы тауар ғана ұсынылады.
Кәсіп иесінің сапалы жұмыс атқаруы үшін өз қызметкерлеріне қатаң талап қоюы – қуантарлық іс. Өйткені, тауар алушылардың бәрі бөтен емес, осы елдің тұрғындары, өз ауылдастары.
Айтқандай, кәсіпкер жігіт Базарбай аймақтық «Жыл тұлғасы» байқауынан озып шығып, ендігі бағын облыста сынамақ. Көптің тілеуін арқалаған жігіт, келешекте бұл шаруаларын да кеңейтіп, тіпті, аудан орталығынан үлкен қалалардағыдай ойын – сауықтық кешен де салмақшы. Қазір аудан әкімшілігімен келісіліп, орны белгілеген тұсқа оның іргетасы құйылып та қойыпты.