Ордабасыда 2241 адамға кәсіп ашуға несие бөлінді
Ордабасы ауданының әкімі Н.Тұрашбеков кәсіп ашуға ниетті азаматтарды қолдау мақсатында тұрғындардың несиеге қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Ел экономикасына үлес қосуға ниетті азаматтарды елімізде қашан да болмасын қолдауға әзір. Осындай мақсатпен бүгінде қаншама мемлекеттік бағдарламалар жұмыс жасайды.
Қазіргі таңда мемлекеттік бағдарламаның игілігін көріп, жеке бизнеспен шұғылданам деген азаматтарға көрсетілер қолдау жеткілікті. Тек, кәсіп көзін тауып, төменгі пайызбен несие алып еңбек етсеңіз болғаны. Осыған орай, аудан басшысының тапсырмасына сәйкес жыл басынан бері жергілікті деңгейдегі кәсіпкерлермен шағын несие ұйымдары арқылы 2241 адамға 1 млрд 314,9 млн. теңге несие үлестірілді.
Оның ішінде:
«Ырыс» МҚҰ ЖШС арқылы 94 адамға 212,5 млн.тг.,
«КазМикроФинанс» (КМФ) арқылы 2086 адамға 977,9 млн.тг,
«Арнур кередит» несие ұйымы арқылы 33 адамға 41,5 млн.тг.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» ЖШС-гі арқылы 11 адамға 41,0 млн.тг.
«Төрткүл несие» ШНҰ арқылы 9 адамға 21,0 млн.тг.
«АгроНесиеОрдабасы» ЖШС-гі арқылы 8 адамға 21,0 млн.тг. берілді.
Азаматтардың дені мал, егін шаруашылығын дамытуға, сауда, қызмет тауар айналымын ұлғайтуға, жылыжай салуға ниет білдіріп, ұсыныс берген.