Ордабасы: Мал шаруашылығы жаңа белесте
Ордабасыда аудан экономикасының негізгі салаларының бірі – ауыл шаруашылығы. Ордабасы ауданы негізінен аграрлы өңір болғандықтан мұнда егін және мал шаруашылығы дамыған.
Ордабасылықтар мал шаруашылығын негізгі кәсіп ретінде қарастырады. Сондықтан болар, Ауданда мал шаруашылығы жаңашыл, өнім көлемін арттыру үшін тәуекелді қадамдары көп сала санатында.
Пандемия кезінде қымыранға да сұраныс артқан. Бұл туралы Бөген ауылының тұрғыны, "Нұрбол" шаруа қожалығының төрағасы П. Шажілдаев әңгімеледі.Оның түйе бағумен айналыса бастағанына биыл үшінші жыл. Бүгінде шаруашылықтағы түйе саны 60-қа жеткен. Олардың дені жас мал. Шаруашылық төрағасының айтуынша, ол алдымен қой өсіріп, ірі қара мал, жылқы бордақылаумен айналысқан.Экономикалық тұрғыдан алғанда, түйе асыраудың тиімділі көңіліне қонып, осы салаға бет бұрыпты.
Түйены баптаудың қиындығы жоқ дейді шаруа.Түйе жиде, жыңғылдың гүлдерін, қараталдың басын, тікен, жантақ шөптерін азық етеді. Шұбатты ішкен адамның қарны да ашпайды. Ол - әрі сусын, әрі тамақ.
Қымыранның маңыздылығы, майлылығы жоғары. Іш құрылыстары ауыратын адамдарға бұл - мың да бір ем. Әсіресе асқазан жарасына шипалы. Қыста түйенің сүтін "Холдинг Кэмел"кәсіпорнының сүт қабылдау бекеті мың теңгеден қабылдап отырған. Кейін бекет өз жұмысын тоқтатыпты. Бүгінде шаруашылық барлық күш-жігерді қымыран әзірлеуге бағыттаған. Шаруашылық орта есеппен күн сайын 80-90 литр сүт өндіреді. Литрін 500 теңгеден саудалауда.