Сайрам: Ауыл шаруашылығы саласының дамуына тың серпін жасалды
Сайрам ауданы Ақсукент ауыл округінде ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Бүгінде мұнда 12 - онекәсіп, 12 - жеке шаруашылық серіктестік, 238 - шаруа қожалықтары ауыл шаруашылығымен айналысады. Ауыл округі аумағында 5110 МІҚ, 465 жылқы, 2392 уақ мал, 4 түйе, 3856 бас құс түрлері бар.
Ауылда «Аламан» - 21 шқ, «Күшікарық» каналдары арқылы ағын сумен 380 га суармалы жер және 100 га аса жеке қосалқы шаруашылықтар қамтамасыз етіледі.
«Аламан» мен «Күшік арық» каналына лоток орнату арқылы ауылшаруашылық өнімдерінің көлемін арттыру мүмкіндігі бар.
Тамшылатып суару әдісімен қолданатын шаруалар жоқ. 1 га жерге «Құнанбаев П» ЖК жылыжай бар. Жылытуы толығымен автоматтандырылған табиғи газбен қолданылады. Қызанақ пен қияр өндіреді. 18 азамат жұмыспен қамтылған. Қосымша 0,50 га жылыжай құрылысын бастап қойған.
Сонымен қатар, 0,02 га. жеке қосалқы шаруашылықтар мен шаруа қожалықтарда жылыжайлар бар. Сондай-ақ ірілі –ұсақты 20 сауда орындары жұмыс жасайды.