Сайрам: Елді мекенде 401 шаруа қожалық жұмыс атқарады
Сайрам ауданына қарасты Қайнарбұлақ елді мекенінің негізгі қызметі ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу, кәсіпкерлік және қызмет көрсету саласы болып табылады.
Ауылдық округінде 14 өнеркәсіп, 401 шаруа қожалықтары жұмыс атқарады. Ауыл округінде мал басы: 18903. Оның ішінде: сиырлар- 2836, жылқылар - 1804, қой мен ешкі - 12000, түйелер - 41 бар, құстар - 3674.
Ауылдың шаруа қожалықтары «Ақсу» - каналы арқылы ағын сумен қамтамасыз етіледі.
Жалпы ауыл округінде еңбекке қабілетті халық саны 5312 адамды құрайды, оның ішінде ауылда жұмыспен қамтылғандар -3122 адам, 35 жеке кәсіпкерлер, мемлекеттік және әлеуметтік нысандарда 602 адам жұмыспен қамтылып отыр.
Ауылдық округінде жұмыспен қамтылғандардың ішінде өз-өзін жұмыспен қамтығандар –125, енбекке белсенді азаматтар саны - 3225 болып отыр.
Шаруа қожалықтарда – 599, темір жолда – 2, қызмет көрсету саласында –525 адам. Аймақтың басқа елді мекендерінде 125 адам жұмыспен қамтылған, оның 55-і Шымкент қаласында, 21 – Ақсукентте, 49 – басқа аймақтарда. Аулаларды аралау нәтижесінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған 125 адам анықталды.