Ордабасы: Егіс көлемін арттыру жоспарда

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЕГІСТІК ЖЕРДІҢ КӨЛЕМІ 800 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСТЫ —  ONINFO.KZ

Ордабасыда негізгі күнкөріс ауыл шаруашылығынан болғандықтан, ауданда биылғы жылы егістік алқабы аумағын кеңейтуға бағытталған бірқатар жоспар артығымен орындалды. 

Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемін 65 374 гектарға орналастырылып (жоспар 65 100), өткен жылмен салыстырғанда 7 083 гектарға артты.

Ауданда егістік жер артығымен орындағанымен Қарақұм ауыл округі 2 290 га тапсырманың 2154 га игеріп, 136 га жер игерілмей 94 пайызға орындаған.

Былтыр егістік алқабынан жалпы алынған өнімдер көлемі артып, шаруалардың еткен еңбегі ақталды.

Тоқтала кетсек, ауданда өткен жылы дәнді дақылдар – 26 557 гектардан 75 857 тонна (орташа түсімі 28,5 цн/га); майлы дақылдар – 7 648 гектарға егіліп, 7 095 тонна (орташа түсімі 9,3 цн/га); көкөністер – 3 431,1 гектардан 84 782 тонна (орташа түсімі 247,1 цн/га);картоп – 606 гектардан 13 150 тонна (орташа түсімі 217 цн/га);бақша дақылдары – 2 433 гектардан 56 559 тонна (орташа түсімі 233,7 цн/га) өнім алынды;

Ал мақта – 8 215 гектарға егіліп, 20 701 тонна (орташа түсімі 25,2 цн/га) өнім жиналды;

Сондай-ақ, мал азықтық дақылдар (жоңышқа) – 16 493 гектарға егіліп,107 204 тонна (орташа түсімі 65 цн/га) өнім алынды.