Ордабасы: Суармалы жерлердің тиімділігін арттыру назарда
Ордабасыда аудан экономикасының негізгі салаларының бірі – ауыл шаруашылығы болғандықтан, бұл салаға баса назар аударылады. Мәселен, егістік алқаптарының әлеуметін жақсарту мақсатында суармалы жерлердің аумағын арттыру.
Ауданда жаңадан 2 500 гектар суармалы жерді іске қосу жоспарланып, 1 630 га жер айналымға қосылды (65,2 пайыз). Бұл жерлер негізінен жерді бір санаттан екінші санатқа, яғни жайылым жерлерді суармалы жерге өзгерту және тәлімі жерлерге бау, жылыжай шаруашылықтарын жүргізу есебінен орындалды.
Суармалы жерлерді пайдаланудың тиімділігін арттыру – облысымызда азық-түліктің тұрақты молшылығын жасаудың күрежолы. Бұл үшін суармалы жерлердің мелиорациялық жағдайын одан әрі жақсарту керек. Кәрізді-қашыртқы жүйелерін, суару жүйелерін, тік құбырлы қашыртқыларын техникалық қолдану деңгейін және агромелиорациялық шараларды жүргізу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Органикалық және минералдық тыңайтқыштарды енгізу, қазіргі заманға лайық су үнемдеу технологиясын енгізу, тұзды жерлерді уақытылы әрі сапалы етіп сор шаю, ғылыми тұрғыда дәлелденген. Міне, осыларды қолданып ауыспалы егістікті енгізу жұмыстарының жүргізілуі нәтижесінде суармалы жерлер өз пайдасын береді.