Ордабасы: Шаруаларға 15 гектар жер үлестірілді
Ордабас ауданында кәсібін бастауға ниетті шаруаларға 15 гектар жер үлестірілді. Сондай-ақ, жас кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қаржылай қолдау да көрсетілді.
Бүгін Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков жұмыс сапарымен Шұбарсу ауылына барып, жаңа құрылған жылыжай аумағының қазығын қақты.
Қазіргі кезде жер телімін алуға өтінім білдірген 63 азаматтың 19-ы өз қаржысы есебінен , 29-ы несиелеу арқылы жұмысын бастамақ.
Несие алушы азаматтарға аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, Кәсіпкерлік бөлімі, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлік Палатасы Ордабасы аудандық филиалы мен Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мамандары сүйемелдеу жұмыстарын жүргізеді.
Аудан басшысы Нұрбол Әбдісаттарұлы:
- Бүгінге дейін өз кәсібін ашуға ниет білдірген 97 азаматтан өтініш түсіп, 71-не грант берілді. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін ұлғайтуды көздеп отырмыз.
Бүгінгі шара ауыл тұрғындарына көптеген мүмкіндікке жол ашады. Бұл тек бір азаматтың кәсібі емес, жаңа жұмыс орындары арқылы бірнеше отбасының табысына айналады, - дей келе, шаруаларға сәттілік тіледі.