Карантин тәртібін бұзған 124 адам жауапқа тартылды

67.jpg

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен карантиндік шараларды бақылап, басқа да құқықбұзушылықтардың болдырмау мақсатында құқық қорғау органдары қызметкерлері мен  басқа да мүдделі орган өкілдерінен тұратын мобильді топ Мақтарал ауданында 1000-ға жуық нысанды тексерді. Рейдтік іс-шаралар барысында ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің бұзылуы" бойынша карантин талаптарын өрескел бұзған 124 азаматқа әкімшілік хаттама толтырды. 

карантин талаптарын өрескел бұзған 124 азаматты анықтап, әкімшілік хаттама толтырды. Осы жайттарға байланысты жинақталған іс-құжаттары тиісті шешім қабылдау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Түркістан облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жіберілді.

Одан бөлек, аудандық полицейлер азаматтардың белгіленбеген орындарда суға түсуіне тыйым салып, қауіпсіздік шараларын ескертуде. Осы бағытта жүргізілген тексеру жұмыстары аясында ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы "Жалпы су пайдалану ережелерін бұзу" бойынша 431 жайт тіркеліп, оларға әкімшілік хаттама толтырылды.