12 күдікті мен 2 қылмыстық топ мүшелері қолға түсті

70.jpg

Түркістан облысы әкімінің криминогендік жағдайды жақсарту, пәтер және өзге де қылмыстарды ашу, бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысы бар күдіктілерді ұстау және басқа да құқықбұзушылықтардың жолын кесу туралы тапсырмасын жүзеге асыру бағытында өңір полицейлері "Пәтер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізді.  Оған криминалдық және әкімшілік полицияның 400-ден астам қызметкері, сондай-ақ жергілікті полиция қызметі мен Түркістан облысы ПД басқа да бөлімшелері жұмылдырылды.

Түркістан облысы аумағында "Пәтер" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында құқық қорғау органдарының мамандарынан арнайы құрылған топтар ұрланған мүліктерді сатумен айналысатын адамдарды, олардың ашылмаған қылмыстарға қатыстылығын тексеріп, күдіктілерді қылмыстық жауапкершілікке тартты. Сондай-ақ базарлардың аумағын, ломбардтарды және ұрланған мүлікті өткізу мүмкіндігі бар басқа да орындарды тексерді. Нәтижесінде, «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасының үш тәулігінде полиция қызметкерлері күшімен 17 пәтер ұрлығы ашылды. Оның 12-сі бұрын жасалған жайт. Жедел уәкілдер пәтер ұрлығына қатысы бар 12 күдікті мен 2 қылмыстық топты ұстады.