Арыста 40 төсек орындық провизорлық бөлімше әзірленді
Бейбіт күнде жарылысты бастан кешірген қаһарман қала Арыс алғашқы толқында індетті де еңсеріп шықты. Қайталануы мүмкін кеселге төтеп беру үшін Арыс қалалық орталық ауруханасында Covid-19 инфекциясымен күрес жұмыстары барынша қолға алынған.
«Ауруханамыз жеке қорғаныс киімдері мен дәрі-дәрмектің екі айлық қорымен қамтамасыз етілген. Жансақтау бөлімінде 9 өкпені жасанды желдету аппараты, қосымша 50 оттегі оксигенераторлары және басқа да қажетті медициналық құрал-жабдықтар орнатылған. Қанда оттегінің қаншалықты қаныққанын анықтайтын пульсоксиметрдің 144 данасы алынған. Осы құралдың көмегімен біз науқастың жағдайы қаншалықты ауыр немесе қанағаттанарлық екенін айнықтай аламыз. Сатурациясы 93-тен төмен пациенттерді бірден жансақтау бөліміне жатқызамыз. Мекемеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде жансақтау бөлімін қабылдау бөліміне жақын орналастырдық. Бұл науқас пен дәрігердің алтын уақытын үнедейді. Жалпы қазір коронавирус инфекциясымен күреске жұмылдырылған 19 мобильді топ халыққа қызмет көрсетуде»,- дейді Арыс қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері Ерғали Әлімбаев.
Бірінші толқында көп тәжірибе жинақтадық деген аурухана басшысы ақ халаттылардың тәжвирусты емдеудің тәсілдерімен күн сайын танысып, білімін жетілдіріп отырғанын жеткізді.
Ауруханада 40 провизорлық төсек орын мен 20 төсек орындық инфекциялық госпиталь дайын тұр.