Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсібін кеңейтті

Screenshot_21.jpg

Шағын және орта кәсіпкерлік – экономиканы дамытудың қозғаушы күші болып табылады. Қазіргі таңда мемлекет бизнес бастауға ниетті азаматтарға барынша қолдау көрсетіп келеді. Бүгінде түрлі мемлекеттік бағдарламаның демеуімен кәсібін дөңгелетіп отырған жандар жетерлік. Әсіресе еліміздің үшінші мегаполисінде  кәсіпкерлікпен айналысып,  елге де, тұрғындарға да пайдасын тигізіп отырғандар көп. Солардың бірі Шымкент қаласының тұрғыны Андрей Коротков.  Дәрігер-фитотерапевт  2005 жылы кішігірім отбасылық бизнес ретінде «PHYTO-APIPHARM» ЖШС құрған.  Осылайша кәсіпкер  өзінің авторлық «Коротковтың бальзамдары» өнімін шығаруды қолға алады. 

 2018 жылы кәсіп иесі  «Даму» қоры«Аймақтық қаржыландыру «ONтүстік өнімдері» бағдарламасына қатыстады. Бағдарлама шеңберінде екінші деңгейлі банктен 8,5% несие рәсімдеп, өндіріс көлемі кеңейткен.

«PHYTO-APIPHARM» компаниясының барлық өнімдері - өсімдік және жануарлардан алынатын табиғи шикізат негізінде жасаланылады. 

–Біздің өнімдер – білікті мамандардың арнайы рецептуралар бойынша әзірленген және барлық санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес жоғары сапасын қамтамасыз етеді,- дейді кәсіпорын жетекшісі Андрей Коротков.

Кәсіпорында адам денсаулығын жақсартуға арналған бальзамдар, жүрек-қан тамырларына, еркек пен әйелдердің жыныстық ауруларына, сүйек ауруларына, өкпе-бауыр және т.б. адам ағзасына пайдалы дәрі-дәрмектер өндіріледі.