«Тайқазан 30 игі іс» тағы да толықты
Жақында Шымкенттегі Достық Үйі - Қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестіктері қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. «Тайқазан 30 игі іс» атты акциясы аясында өткен шараның өтуіне шешен-ингуш этномәдени бірлестігі төрағасы Татьяна Кагерманова мен армян этномәдени бірлестігі төрағасы - Степанян Анушаван ұйытқы болды.Аталмыш акция Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр.
Кенедей жабысқан карантиннің кесірінен қаншама отбасы жумыс көзінен айырылғаны баршаға мәлім. Оған қоса отбасыңда науқас жанның болғаны қиындықты еселей түсетіні хақ. Алайда жетімін жебеп, жесірін жылатпаған кемел халықтың ұрпағы көмекке қашанда даяр екенін тағы бір парасын көрсетті.
Акция ұйымдастырушылары мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған екі көпбалалы отбасын таңдап, қаражат қоры жеткенше азық-түлік пен жуынуға қажетті заттармен және тағы басқа заттармен қол үшын созды.
«Бізге келіп қол ұштарыңызды бергендеріңізге алғыс айтамыз. Жұбайым пандемия кесірінен қазргы күнде жұмыссыз, қолдағы бар ақшамыз науқас баламыздың дәрі-дәрмегәне кетіп жатыр. Осындай сәтте бей-жәй қалдырмай көмек бергендеріңізге мың алғыс»,- дейді отбасының анасы.
Қазақстан-біртұтас халық, мұнда әркім мүмкіндігіне ие бола отырып, жақынына көмек қолын созады. Бұл біздің 30 жыл бойы бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келе жатқанымызды дәлелдейді!