Қандастарға көмек көп

Screenshot_38.jpg

 Қазіргі таңда атамекенді аңсап келген ағайындар мәселесі оңтайлы шешіліп келеді. Елге оралған қандастарымызға мемлекет барынша қолдау көрсетіп, ортаға бейімдеуде. Олардың құжат рәсімдеу жұмыстары да жеңілдей түскен.  

 Айталық  Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеуінше 2018 жылдан бастап Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала ретінде танылғалы бері 1999 мүшесі бар 1275 отбасы көшіп келіп, қандас мәртебесін алыпты.

Негізі, елге оралғандардың дені Өзбекстан Республикасынан қоныс аударғандар болып отыр. Ал, қоныс аударғандардың 3% басқа алыс шетелдерден келген, 0,6% Ресей мен Қытай Халық Республикасынан келгендер. Қалаға жыл басынан бері көшіп келген 300 -ден астам мүшесі бар 227 отбасына қандас мәртебесі берілді. 

Айта кетерлігі, алыс-жақын шетелдерден көшіп келген қандастар 11 жылдан бері қызмет көрсетіп келе жатқан қаладағы оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығына орналастырылады. Орталықта қандастар жарты жыл заңнамаға сай бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін алады. Мысалы, бүгінгі таңда орталықта 12 отбасы тұрып жатыр. Олар мемлекеттік бағдарламалардың арқасында дәнекерлеуші, массажист, компьютерлік графика, шаштараз, есепші, кондитер, тігінші, сантехник, электрик, жиһаз жинаушы мамандақтарына машықтануда.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Қандастарға көмек көп