Мектеп тапшылығы шешілуде

Screenshot_41.jpg

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде Шымкент қаласында бірқатар білім ошақтарының құрылысы жүруде. Сала мамандарының айтуынша қалада 2025 жылға дейін 72 мектеп салу жоспарланған. Оның ішінде биыл 18 732 орынға арналған 32 мектеп құрылысы жүргізіліп (мемлекет - 12, жекеменшік - 20),  жыл соңында  10 222 орынға  арналған 20 мектеп пайдалануға тапсырылады деп күтілуде. Нақты айтқанда  мемлекет тарапынан 4 мектеп,  жекеменшік 16 мектеп ел игілігіне беріледі. 

Қалалық құрылыс басқармасымен салынып жатқан мектептерге келер болсақ, қазіргі таңда өткен жылдан өтпелі 1920 орындық төрт мектептің құрылысы жалғасып жатыр. 

Тұран шағын ауданында 1200 орындық мектептің құрылысы былтыр басталған болатын. Құрылыс жұмыстары толығымен шілде айында аяқталады дейді құрылысқа жауаптылар. Ал Тоғыс тұрғын алабындағы №120 мектепке 300 орындық қосымша ғимарат салынуда. Сондай-ақ Сайрам тұрғын алабындағы 300 оқушыға арналған қосымша мектептің құрылысы өткен жылы басталған.  Аталған білім ошақтары жаңа оқу жылына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. 

Бұдан бөлек, осы жылы құрылыс басқармасымен 8 мектептің құрылысы басталғалы жатыр. Атап айтқанда, 300 орындық №46, 47 және 375 орындық №38, 80 мектептер және 1100 орындық №8 мектептің сметалық құжаттамалары мемлекеттік сараптаманың оң нәтижесін алды. Бұл білім нысандарына ағымдағы жылға құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы қаралады деп күтілуде.  Сонымен қатар, 600 орындық №45, 65, 72 мектептердің және Оқушылар сарайының жобалары әзірленіп жатыр.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Мектеп тапшылығы шешілуде