Қонаев даңғылы әкім назарында

Screenshot_1.jpg

Инфрақұрылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында үшінші мегаполисте жолдар жөнделуде. Қазіргі таңда, қаланың магистралды жолдарының 75 шақы­рымында құрылыс жұмыстары жүр­­гі­зілуде. Оның ішінде Қонаев даң­ғы­лы­ның жалғасының құрылысы мен айналма жолының қайта құру жұмыстары қам­тылған. Д.Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов көшесі қиылысындағы жол айрығында  жүріп жатқан қар­қын­ды жол салу жұмыстарының сапасына баса мән берген шаһар басшысы Мұрат Әйтенов қайнаған еңбек алаңына барып, құрылыс барысымен танысқан болатын. Жол жөндеу жұмыстарының барысында бірінші кезекте сапасы сала мамандарының жіті қадағалауында болу қажет. Сонымен қатар, техникалық қадағалаушылар тарапынан орындалған әрбір жұмысқа зертханалық сынақтамалар жүргізіліп, сапасы тексерілуі тиіс.  Қала әкімі  құрылысты тексеру барысында осындай тапсырма берді. 

 Бүгінге дейін, 3,74 шақырым су, газ құбырлары мен 4 шақырым электр сымдарының орны ауыстырылып, 7 дана бағана орнатылды. Сонымен қатар, 320 метр жер асты өткелі қазылса, 260 метр тіреу қабырғалары мен 110 дана қада құю жұмысы аяқталған. Жер асты өткелінің ішкі қабырғаларын гранит тақтайшалармен қаптау жоспарлануда. Нысанның жалпы ұзындығы 580 метр. Көшенің ені 42 метр, 6 жолақты. Қазіргі таңда, жол жамылғысымен бірге 400 метр жұмыс аяқталған. Көше құрылысы үшін жеке меншік үйлерді мемлекет иелігіне алғаннан кейін қалған бөлігін құру жұмысы жүргізіледі.  Құрылыстың І кезеңін аяқтау осы жылдың маусым айына жоспарланып отыр. Ал нысанның ІІ кезеңінің құрылыс жұмыстарын бастау үшін, яғни, «Магнолия» дүкенінен Терешкова көшесіне дейінгі аралықта жеке меншік үйлерді мемлекет иелігіне алғаннан кейін басталатын болады.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Қонаев даңғылы әкім назарында