8 мектеп ширек финалға шықты

Screenshot_6.jpg

Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Президент айтқандай бұқаралық спортты дамыту жөніндегі кешенді жоспарды одан әрі іске асыруды жалғастыру және ағымдағы жылы спортпен айналысатын азаматтардың үлесін 33%-ға дейін арттыру жөніндегі стратегиялық мақсатқа қол жеткізу қажет. 

Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына  сай Шымкентте  осы жылдың 1 наурызынан бастау алған мектеп оқушылары арасындағы — «Шымкент жастар лигасы» «Футбол», «Волейбол», «Баскетбол» сынды 3 спорт түрі бойынша өтуде. Жарыс 1 маусымға дейін жалғасады. 

Бүгінде Абай ауданы бойынша «Баскетбол» спорттық ойыны түрінен №54, 86 мектептерінің спорт алаңшасында 35 команда бақ сынасып, №23, 33, 42 және №2 «Дарын» мектептері ширек финалға жолдама алды. Ал, Әл-Фарби ауданындағы №8, 11 мектептерінің спорт алаңшасында 23 команда ойнап жатса, футболдан «БИІК» және ФЦ «Ордабасы» стадионында 21 команда бақ сынасуда. Еңбекші ауданындағы 29 команда волейболдан №24, 36 мектептерінің спорт алаңшасында жарысса, Қаратау ауданы осы спорт түрі бойынша №130, 135 мектептерінің спорт алаңшасында 35 команда бақсынасып, №89, 131, 68, 113 мектептер ширек финалға жолдама алды.

Қала әкімінің бастамасымен ұйымдастырылған шара спорттың 4 түрі бойынша өтеді. Төрт ауданнан лигаға қатысуға 140 жалпы білім беру мекемесінен 571 команданың қатысуына өтініш білдірген. Сәйкесінше 8 569 оқушылардың бос уақыты тиімді пайдалануына ықпал етуде. Комадалардың жұмысын үйлестіру үшін 420 денешынықтыру мамандары жұмылдырылды. Жастар лигасының екінші кезеңінде қыркүйек – қараша айларында жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасында ұйымдастыру жоспарлануда. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз топқа алғыс хат пен бағалы сыйлық беріледі. Ал, әр спорт түрінен бас жүлдені алған мектепке «Шымкент – қайырымды қала» қорынан 20 млн теңге табысталмақ.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: 8 мектеп ширек финалға шықты