Әйелдер құқығы - қоғамның тыныштығы

Screenshot_1.png

Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай және Еңбекші аудандық полиция басқармаларынының ұйымдастыруымен таяуда әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау басқарма қызметкерлері үшін онлайн форматта семинар-тренинг өткізілді. 

Аталған семинар-тренингте «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң талаптары айтылып, әйелдерге көрсетілетін зорлық-зомбылықтан қалай сақтану, әйелдерге қатысты жасалған құқықбұзушылықтардың профилактикасы, оның алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар күн тәртібіндегі өзекті мәселеге қатысты өз пікір-ұсыныстарын ортаға салды. Мысалы, мұндай жағдайларда мұқтаж аналарға материалдық-моральдық тұрғыдан көмек көрсетіліп, оларды қандай да бір еңбекпен қамтитын, психологиялық жағынан сауығуына көмектесетін, қалыпты өмір сүруіне жәрдемдесетін дағдарыс орталықтарының қажеттілігі туралы әңгіме қозғалды.

Отбасындағы кикілжің құрбандарының көпшілігі моральдық тұрғыдағы мінеуден қорқып, құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартып жатады. Осыған орай, әйелдер мен қыздар арасында олардың құқықтық сауаттылығын арттырып, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытында тиісті профилактикалық іс-шаралар көптеп жүргізу керек екендігі де айтылды. 

Сонымен қатар, осы проблеманы шешу үшін құқық қорғау органдары ғана емес, сондай-ақ, мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының күшін біріктірудің қажетті екендігі де әңгіме арқауына айналды.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Әйелдер құқығы - қоғамның тыныштығы