Қала гүлмен көмкерілуде

Screenshot_2.png

Қызғалдақтың символы саналатын Шымкент қаласы көктем шыға тотыдайын таратып, құлпырып шыға келеді. Ауа-райы шуақты шаһар бұл мезгілде жап-жасыл шымға оранып, түрлі-түсті гүлдерге көмкеріледі. Соңғы жылдары  Шымкентте қызғалдақтан өзге де гүлдерді егу жұмыстары дәстүрге айналған. Дәстүрге сай қаланы көгалдандыру жұмыстары қарқын алды. Мамандар  көздің жауын алатын әсем гүлдерді отырғызу науқанын  бастап кетті. Түрлі-түсті гүлдер Әл-Фараби ауданының басты көшелеріне отырғызылды. Қазіргі таңда 18 мың түп болатын гүлдің сегіз түрі егілді. 

Көркейту-көгалдандыру бойынша жұмыстарды «Build Stroi» мердігер мекемесі жүргізуде. Олар қаланың басты көшелеріне тагетис, шафран, петунья, катарантус, сальвия, целозия, цеценария мен райхан сынды гүлдің түрлерін отырғызды. 

Мамандар, гүлдер мен көгалдарды суару жаз бойы 60 рет жүргізілетінін айтады. Бірақ қажет болған жағдайда одан да көбірек суарылады. Гүл егу мамыр айының соңына дейін жалғаспақ. 

Жалпы жоспарға сәйкес аталған ауданда жыл соңына дейін 183 мың гүл отырғызу жоспарлануда дейді салаға жауаптылар.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Қала гүлмен көмкерілуде