Инвесторлар мәдениет үйін салып бермек

Screenshot_14.png

Үшінші мегаполистің шалғайда орналасқан елдімекендерін көркейту жұмыстары жалғасуда. Инфрақұрылымнан бөлек шалғайдағы елдімекендерде мәдениет саласын дамыту да көзделген. Мәселен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Абай ауданы, Карл маркс елдімекенінде жаңа Мәдениет үйі бой көтермек. Ғимаратты салуға инвесторлар тартылыпты. 

Жалпы аумағы - 0.15 га жерді қамитын құрылыс нысанының аумағына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасыры Шыңғыс Мұқан және Абай ауданы әкімі Бұхарбай Парманов арнайы барып, Мәдениет үйінің жобасымен танысты.  Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай құрылысы жоспарланып отырған Мәдениет үйін жергілікті түрік-әзірбайжан ұлтының өкілдері жеке қаражаттарына салуда. 

- 1 мамыр Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесі - баршамызға құтты болсын! Бір мемлекетте ұлт болып ұйысып тұрғаннан соң, қоян-қолтық араласып, бір-бірімізбен тату-тәтті тұрып, еліміздің дамуына өз үлесімізді қоса берейік. Бүгінгі бастамаларыңыз құтты болып, қаламыз көркейе берсін. Шаһардың дамуына, әсіресе, мәдениеттің өркендеуәне ат салысып отырған азаматтарға алғыс білдіреміз, - деді Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан.

Шара барысында Мәдениет үйінің құрылысына атсалысып жатқан елдімекен тұрғындары Алғыс хаттармен марапатталды.