Өзге ұлт өкілдері де қайырымды істен тыс қалмады

Screenshot_15.png

Рамазан - қайырымдылық пен ізгіліктің айы. Қасиетті айдағы қайырымдылық тұрмысы төмен отбасыларына, көп балалы, жалғыз басты аналарға көрсетілді.

 «Берекелі Рамазан керуені» атты республикалық қайырымдылық телемостының шарапатын шымкенттіктер де Рамазан айы басталғалы көріп жатыр. Ұлық айда жасалған игі шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қаладағы өкілдігі мұрындық болып отыр. Игі бастаманы Қазақстан халқының бірлігі күні қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы да жалғап әкетті. Еліміздің бірлігі мен татулығының нығаюына өз үлесін қосып келе жатқан өзге этнос өкілдері  ауыз бекіткен жандарға азық түлік жиынтығын таратып, сауапқа кенелді. Тәуелсіздіктің мерейтойына арналған 30 игі қайырымдылық марафоны аясындағы игі шара Шымкент қаласындағы Қаттани мешітінде ұйымдастырылды. 

Республикалық қайырымдылық шарасы Рамазан айының соңына дейін жалғасады. Ұйымдастырушылар осы уақыт аралығында қаладағы барлық мұқтаж отбасыларын қамтимыз деп отыр.  Нақтырақ айтқанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, 30 мыңнан астам отбасы азық-түлік себетімен қамтылмақ.  Жалпы мамандар рамазан айының бірінші онкүндігінде қаладағы 17 100 отбасына көмек көрсетілген дейді.