Ата кәсіпті қолға алды

Screenshot_17.png

"Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға мемлекеттік гранттар беру Шымкентте тиімді жүзеге асуда. Жаңа бизнес-идеяларды іске қосуға арналған бағдарлама жұмыссыздық деңгейі біршама төмендетті. Қайтарымсыз қаражатқа қол жеткізгендердің кәсібі одан әрі қалай дөңгеледі.

Мемлекеттік гранттың жемісін көргендердің бірі - Гүлмира Жұмабекова. Ол көп балалы отбасы ретінде атаулы әлеуметтік көмек алушы қатарына кіреді. Үкімет ұсынған мүмкіндікті тиімді пайдалану мақсатында қыркүйек айында қайтарымсыз грантқа өтінім білдірген. Сұранысы мақұлданып,  қайтарымсыз қаражатқа қол жеткізді.

 «Отбасылық кәсіпті бастауға мемлекет тарапынан берілген мүмкіндікті тиімді жүзеге асыру барысын қарастырдық. Мал – баққанға бітеді. Қазақ халқы қашан да мал бағып, сол бейнеттен береке тапқан. Бүгінге дейін күнкөрістің қамына айналған ата кәсіппен шұғылданғандардың ырысы мол.  Бастапқыда алған 3 бас сиырымыз (өгізшелер) бүгінгі таңда 5 басқа көбейіп тұр. Сондықтан, мал шаруашылығымен айналысқанды жөн санадық»,- дейді кәсіпкер Гүлмира Жұмабекова.

Көпбалалы отбасы бұдан бөлек 11 жылдан бері диқаншылықпен айналысады. Жылына 450 000-ға жуық көшет егеді. Өнім өскен соң Шымкенттегі барлық базарға таратып, нәсібін тауып жүр. Аядай 10 соттық жерінен көл көсір өнім жинаған жанұя алдағы уақытта кәсібін одан әрі домалатпақ ниетте.

Былтыр бағдарлама шеңберінде 4 828 адам қайтарымсыз мемлекеттік грантқа қол жеткізген. Ал, «Бастау бизнес» жобасына 2820 адам жолданып, оқытылды. Ағымдағы жылы  600 адам грантқа қол жеткізсе,1900 азаматқа «Бизнес бастау» оқу курсына жолдама берілді дейді мамандар.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Ата кәсіпті қолға алды