Ұмыт қалған дағдыларымыз қайта жаңғыруда
Бүгінде елімізде Елбасының Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, ескірген кітаптар жаңарып, шаң басып жатқан архивтер көтеріліп тарих бетіне қайта шықты. Бұдан бөлек, бәсекеге қабілетті оқу орындары көбейіп, білімді жас ұрпақ тәрбиеленуде. Шаһарда демеушілердің көмегімен зәулім ғимараттар салынып, қаланың дамуына сүбелі үлесін қосуда.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы іске асырылып жатқанына биыл төртінші жыл. Осы уақыт аралығында елімізде елеулі жұмыстар атқарылып, нақты жобалар жүзеге асырылды. Сондай-ақ мақалада айтылған әрбір бағыт еліміздің дауына бірден-бір үлесін қосып отыр.
«Үшінші мегаполис болғаннан кейін шаһарымыздың сәулеті тазалығы, тұрғындарымыздың мәдениеті бәрі бәрі қала атына сай болуы керек. Қаламыздың имиджін көтеретін факторлар салт-дәстүрімізді берік ұстану және әрбір тұрғынның тарихымызды, өткенімізді білуі және бағалауы»,- дейді Ауыл партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Қанатбек Досалиев.
Мақаланың мәйегін жаңа бастамаларға себепші еткен салт-дәстүр орталығы да тыным табар емес. «Рухани жаңғыруды» жастар арасында дәріптей отырып, ұмыт қалған дағдыларымызды жаңартуда еңбек етуде. Жаңғыру – өткеннен қол үзіп, тек жаңа құндылықтарға жол ашу деген сөз емес. Елбасымыздың аталмыш мақаласы бойынша қаламызда 17 арнайы жоба бекітілген. Ол бойынша жұмыстар атқарылып келеді. Айталық білім, туризм, мәдениет басқармалары кешенді жоспарды орындауда өте белсенді. Кәсіпкерлік индустриялық даму басқармасымен де біраз жобаларды атқарып келеміз»,- дейді Шымкент қалалық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Зәуре Оралбаева.