Мобильді топтар сақтық шараларын тексерді

4.png



Түркістан қаласындағы карантин шараларының сақталуы қатаң қадағалануда. Шаһар басшысы Рашид Абатұлының өкімімен құрылған 6 мобильді топ мүшелері бүгін қаладағы бес мөлтек аудан бойынша 112 нысанды аралады. Аралау барысында сауда орталықтары, мейрамханалар, қонақ үй, дәріханалар, супермаркеттерде карантин режимінің сақтық шаралары тексерілді.

Сонымен қатар, тұрғындардың маска режимі мен әлеуметтік арақашықтықты сақтауы, нысан ішіндегі антисептик, термометрдің орналасуы сынды карантин талаптарының сақталуы насихатталды.

Айта кетейік, топ мүшелері құрамында учаскелік полиция инспекторлары, дербес бөлім мамандары, ақсақалдар алқасының өкілдері және мөлтек аудан төрағалары бар. Олар күнделікті екі ауысыммен нысандарды қадағалап, індет таралуының алдын алу мақсатында шаралардың сақталуын тексеруде.

Айта кетері, індеттен сақтанудың бірден-бір тиімді жолы екпе салдыру. Осы мақсатта Түркістан қаласында екпе салдыратын 10 пункт жұмыс ітеп жатыр.  Вакцинаны бірінше кезекте халықпен тығыз жұмыс ітейтін дәрігерлер, мұғалімдер, тәртіп сақшылары қабылдауда. Екпе салдырған азаматтардың саны жағынан бүгінде Түркістан облысы республикада көш бастап келеді. Жалпы өңірдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты.  Түркістан облысы «Жасыл аймақта». Жегенмен мамандар карантин талаптарын қатаң сақту қажеттігін ескертуде.