Н.Назарбаев Шөкеевтің жұмысын оң бағалады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласында республикалық және облыстық БАҚ өкілдерімен кездесіп, сұхбат берді.
-Шындығында, мұндай қаражат, мұндай көңіл жүздеген жылдық тарихы бар Түркістанға ешқашан бөлінген емес. Бұған дейін Түркістанның 1500 жылдығын атап өткенде «осы Түркістанды бір көтерсек» деп армандап едім. Алайда ол кезде елдің бұған жағдайы бола бермеді. Сол аралықта мемлекет құрылды. Қазақстанды нығайту мен елімізді дүниежүзіне таныту керек деп шапқылап жүрдік. Енді уақыт келді, 2018 жылдың маусым айында Шымкент қаласын миллион тұрғыны бар деп бөліп, мен Жарлықққа қол қойдым. 2018 жылдың аяғына дейін ұйымдастырумен, дайындықпен жүрдік. Бүкіл Қазақстандағы ауқатты жігіттерді жинадым, мемлекетке, әкімдікке тапсырма бердім. Бірінші бағдарлама жасадық. Осылайша Түркістан облысының бөлінгеніне үш жылға да жеткен жоқ, 2019-20 жылдардың ішінде 257 ғимарат салынды. Көріп отырсыздар. Сол кезбен қазіргі кезді салыстыруға бола ма? Жер мен көктей. Қазақстанның 30 жылдағы жеткен жетістігі, еңбегі жер мен көктей, - деді Елбасы сұхбат барысында.
Айта кетері, Н.Назарбаев Түркістанға жасаған сапары барысында көптеген нысандарды аралап, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің жетекшілігімен атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.