Тұңғыш президен Түркістанды түлетудің маңызына тоқталды

23.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласында ақпарат құралдарына берген сұхбатында киелі қалада руханиятты, мәдениетті өркендетудің маңызына тоқталды. Тұңғыш президент тіпті, Түркістанды көркейту елдің астанасын салумен бірдей керемет дүние екендігін атап өтті. 

-Халқымыз өте тығыз қоныстанған, қаймағы бұзылмаған, дәстүріміз бен мәдениетіміз сақталған елде қаланы орнату біріншіден, ел үшін, екіншіден осы халыққа жұмыс беру үшін, мәдениетін көтеру үшін, дүниежүзіне Қазақстанды паш ететін мәселе болды. Оған қарамай Түркістан облыс орталығы болғаннан кейін Шымкенттің өзі өркендеп сала берді. Шымкенттің бюджеті үш жылдың ішінде үш есеге артты. Тұрғын үйлердің құрылысы екі есеге көтерілді. Орта және шағын кәсіпкерлік көтерілді. Шымкент қаласының өзі өсіп, керемет болып бара жатыр. Ал, енді Түркістанға келетін болса, алда әлі көп жұмыс атқарылуы керек. Әрине, бұл оңтүстікте тұратын ағайындар үшін ұмытылмайтын жағдай. Тәуелсіздікті бастаған кезде жанымда жүрген азаматтар оны ешқашан ұмытпайды. Астананы салғандағы істеген ісімізді ешкім ұмытпайды. Түркістанның құрылысы да ұмытылмай, есте қалатын жағдай, - деді Тұңғыш Президент.

Сапар барасында Елбасы Түркістанда жаңадан пайдалануға берілген туристік, мәдени нысандарды аралап көрді.