Ерекше жандардың ерекше көрмесі өтті

Screenshot_9.png

Шымкент қалалық «Шапағат» арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ұйымдастыруымен мүгедектігі бар азаматтардың қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті. Іс-шарада 1 ай көлемінде жасаған жұмыстарын көрсетті. Орталықта белсенділік танытып жүрген он шақты қызмет алушының өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарына мекеменің еңбек нұсқаушылары – Динара Сағынтай, Айдана Жораева, Мақсат Сәрсембаев өз бағаларын берді.  Бірінші топтағы мүгедек, 55 жасар Гүлжан Үсіпбекова тоқыма өнерінің еркін меңгергенін көрсетіп, тоқыған жекеттері мен баскиімдерінің ерекшелігімен көзге түсті. 

– Қазақ халқының оюлары, қолөнері – ең басты қазынамыз. Өзіме ұлтық нақыштағы киімдер тігіп, әшекей тастармен безендірген қатты ұнайды. Іске жан-тәніммен кіріскендіктен уақыттың қалай зымырап өткенін де байқамай қаламын, – дейді қатысушылардың бірі Әлия Уанасова.

Сонымен қатар, қызмет алушылар төсек-жабдықтар тігумен, қағаз орамдарынан ваза жасаумен, моншақтардан жануарлардың кескіндерін, көкөніс салуға арналған ыдыстар тоқумен белсенді айналысады. 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы Раушан Сейдакбардың айтуынша, Шымкент қаласында 37 046 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы Заң мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және мүгедектердi әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етудiң, олардың тiршiлiк-тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшiн тең мүмкiндiктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындайды.Заңда мүмкіндігі шектеулі жандарға тек медициналық көмек көрсетіліп қана қоймай оларды ортаға бейімдеу, шығармашылыққа баулу және қолдау көрсету керектігі айтылған. Осыған сәйкес біз мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша жайлы орта және шығармашылық орта қалыптастыруымыз керек»,- дейді бөлім басшысы.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Ерекше жандардың ерекше көрмесі өтті