Шаһардың әлеуметтік-экономикалық ахуалы талқыланды
«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезекті XLII есеп беру-сайлау конференциясы болып өтті. Жиында миллионды шаһардың әлеуметтік-экономикалық қал-ахуалы жан жақты сарапқа салынып, болашаққа бағдар жасалды. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты мәжіліске жергілікті филиалдардан сайланған 130 делегат Zoom платформасында онлайн түрде қатысты.
Әуелеген әнұранмен басталған жиынның күн тәртібіне 4 бірдей мәселе бекітілген. Жиынды жүргізіп отырған әкім Әйтенов әлқисса сөзді партияның бірінші орынбасары Жанар Әлібекқызына ұсынды.
«Бүгінде қаладағы жетекші партияның 35 мыңға жуық мүшесі бар. Олардың 36,6% пайызы ерлер, 63,7% әйел азаматтар болса, ондағы жастардың үлесі 23,8% пайызды құрайды. Партия мүшелері партияның негізгі күші болып табылатын 49 бастауыш ұйымдарына топтасып заман ағымына сай жаңашылдыққа бетбұрыс жасады. Соның арқасында Елбасы тапсырмалары мен мемлекеттік бағдарламалар өңірде қарқынды жүзеге асып жатыр»,- деді «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева.
Ал жиында сөз алған қала әкімі Мұрат Әйтенов: «Бізге жетіспейтіні – белсенділік, шапшаңдық әрі жедел әрекет ету. Сондықтан партияның Қоғамдық қабылдау бөлімдері мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестері – халықпен бірлескен жұмысты күшейту қажет» деді.
Атқарылған шаруа аз емес. Есепті мерзімде партия филиалдарының қоғамдық қабылдауына азаматтардын 35 мыңнан астам өтініш түскен. Соның 63,пайызы қанағаттандырылды. «Birgemiz» акциясынан жылу көрген жұрттың қарасың қалың. Партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің жұмысы да жемісін беріп келеді. Есепті мерзімде 10 отырыс өтті. Тиісті мемлекеттік органдарға 101 ұсыныс берілді. Жарыссөзге шыққандар жұрт үшін жұмылып жұмыс істеудің нәтижесіне баға берді.