Өміршең жобаларға грант берілді

Screenshot_12.png

 Шымкентте 5 млн теңгенің грантына  төрт жоба таңдалып алынды. «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында инновациялық жобаларды қаржыландыру үшін конкурс жарияланған болатын. Комиссия мүшелері бүгін жаңашыл идеяларды қолдау үшін ұйымдастырылған конкурсты қорытындылады.

Биыл  кәсіпкерлік саласындағы тың бастамаларды қолдауға 150 млн теңге бөлінген.  Грантқа ие болған қатысушылардың бірі үй жағдайында стационар ашу жобасын ұсынған болса, екеуі ауылшаруашылығына қатысты бастамаларға қаржы сұраған. Кәсіпорынды автоматтандыру бойынша ұсынылған тың идея да қолдау тапқан. Ал бір-бірін қайталайтын «көшірме» жобалар мен «бір қайнауы ішінде келген» ұсыныстарды қайтаруға мәжбүр болдық дейді комиссия мүшелері. 

«Біз жобаларды іске асыра алатын қатысуышыларға аса мән бердік... Жобалар өміршең болуы керек»,- дейді «Бағбандар қауымдастығы» бірлестігінің төрағасы Мақсат Абдукаримов. 

Жуырда 5 млн теңгеге дейінгі гранттарға жобаларды қабылдау конкурсының екінші кезеңі ұйымдастырылатын болады. Салаға жауаптылар Шымкентте ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге қатысты жобалардың грантты ұту мүмкіндігі зор екенін айтады. Сондықтан осы немесе басқа да салаға қатысты жобаңыз болса аянып қалмаңыз, бағдарламаға қатысып, бизнесіңізді бастаңыз!


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Өміршең жобаларға грант берілді