Қызметтердің басым бөлігі автоматтандырылған

Screenshot_17.png

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметтердің 26 түрін автоматтандырылған форматта көрсетуде. Яғни, кез-келген адам егов порталы арқылы өзіне керек қызмет түрін электронды түрде ала алады. Оның ішіне азаматтық хал актілер бойынша қызметтер, әлеуметтік портал, жұмыссыз ретінде тіркелу, қандас мәртебесін беру және т.б. кіреді. Аталған қызметтерді қалай алуға болатыны жайында жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік желі парақшаларында қысқаша видеороликтер ретінде жарияланған. Сонымен қатар, жұмыспен қамту орталығы халыққа өз қызметін «open space» форматында көрсетеді. 

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының аясында шаралар жүзеге асырылады. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2021 жылы 21 842 адамға жұмыспен қамту шаралары көрсету жоспарланып 5885 адамға шаралар көрсетілді дейді мамандар. 

Сондай-ақ басқарма мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, мүгедек балаларға және Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген азаматтарға мемлекеттік көмек көрсетуді үйлестіріп отыр. Мамандардың дерегінше жыл басынан бері ардагерлер мен аз қамтамасыз етілген 11 745 азаматқа ай сайын және бір реттік әлеуметтік көмектер көрсетілген. Оған қоса, ардагерлер мен зейнеткерлерді шипажайларда емдеу қызметтерімен қамтамасыз етеді. Олар қаламыздағы «Денсаулық», Түлкібас ауданындағы «Ақсу-жабағлы» және Тараз қаласындағы «Айша бибі» шипажайлар.