Сертификат кімдерге беріледі?

Screenshot_10.png

Биыл Шымкентте 300 адамға тұрғын үй сертификаттары беріледі. Бұл туралы қалалық тұрғын үй басқармасы өкілдері мәлімдеді. Қайтарымсыз қаражат тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» секілді мемлекеттік бағдарламалар аясында тұрғын үй сатып алатын азаматтарға беріледі.

Мұндай көмек осыған дейін үшінші мегаполисте 100-ден астам адамға әрқайсысына 1 млн теңге көлемінде берілген болатын. Биыл басқарма өкілдері сертификат қаражатын көбейтуді жоспарлап отыр. Мәслихат мақұлдаса, белгілі бір санатқа жататын тұрғындарға 1 жарым млн теңгелік сертификат берілуі мүмкін. Айта кетейік, биылдан бастап сертификат  беру толықтай автоматтандырылған. Бұл қызмет алдағы уақытта www.kezekte.kz сайты арқылы жүзеге асырылады.

Биылғы жылға жоспарлап отырған 300 тұрғын үй сертификаты қайтарымсыз түрде беріледі. Яғни тұрмыс деңгейі төмен, күнкөрісі нашар азаматтарға және мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы аналар, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілерілерге беріледі»,-  дейді Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының жекешелендіру және несиелік тұрғын үй бөлімінің басшысы  Гүлнар Әшірбаева.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Сертификат кімдерге беріледі?